Көкпекті ауданының әкімі Н. Тұрсынқанұлы Қойгелді Аухадиев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, өңірдің өзекті мәселелерін талқылады және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қойгелді Аухадиев ауылдық округіне қарасты Үкіліқыз ауылының тұрғындарымен кездесуден кейін Преображенка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылдық округ әкімі Ержан Ниязбекұлы округтің әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге жоспарланған жобаларды таныстырды.

Өз кезегімде ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2026 жылға арналған негізгі бағыттары туралы қысқаша ақпарат беріп, тұрғындармен ашық пікір алмасып, ұсыныстары мен сұрақтарын тыңдады.

Тұрғындар тарапынан келесі мәселелер көтерілді:
– қосымша түнгі жарықтандыру шамдарын орнату;
– ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу;
– су құбыры желілерін іске қосу мәселелері.

Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1201527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді