
Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2025 жылғы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті қызметінің қорытындысына арналған брифинг өтті. Іс-шара барысында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижелері ұсынылды.
Сонымен қатар жұмыс берушілердің ЕШБЖ жүйесінде еңбек шарттарын міндетті түрде жасасуы және тіркеуі, сондай-ақ құрылыс, көлік және қоғамдық тамақтану салаларында үлгілік еңбек шарттарын қолдану мәселелері қаралды. Бұл шаралар еңбек қатынастарының ашықтығын арттыруға және қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Бұдан бөлек жүргізілген тексерулер, анықталған бұзушылықтар және өндірістік жарақаттануды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәліметтер айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1201528?lang=kk

Жауап қалдыру