Сыртқы істер министрі Иран Елшісін қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Елшісі Әли Акбар Джоукарды қабылдады.

Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қаралды. Таяу Шығыстағы деэскалацияның маңыздылығы және ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді. Қазақстан тарапы БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге берік бейілділігін атап өтті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына сәйкес Түркістан қаласында келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуды және тиісті халықаралық күш-жігерге жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1201748?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді