«Таза Қазақстан»: Астанада кәсіпорын қызметкерлері экологиялық акцияға атсалысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қаланың тазалығы жолында кәсіпорындар да белсенділік танытып жатыр.

Солардың бірі – «СВС-АСТАНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компания Президент бастамасын қолдап, өз аумағында кең көлемді тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Орталық директоры Александр Кельвих бұл бастамаға қатысудың маңызын ерекше атап өтті.

«Біздің компания «Таза Қазақстан» акциясын толық қолдайды және оған белсенді қатысып жатыр. Өйткені туған жердің тазалығы – әрқайсымызға ортақ жауапкершілік. Олар аумақты тазалап, жапырақтарды жинап, ағаштарды қалыпқа келтіріп бұтап, бордюрлерді бояуға дайындап жатыр. Егер ауа райы мүмкіндік берсе, ертеңнен бастап сырлау жұмысын бастаймыз. Жалпы мұндай тазалық жұмысын біз тұрақты өткіземіз. Әсіресе қыс мезгілінен кейін және күзгі жапырақ түскен соң аумақты ретке келтіруге ерекше көңіл бөлеміз», – дейді ол.

«СВС-АСТАНА» ЖШС – елордадағы өндірістік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған заманауи жүк сервис орталығы. Мұнда коммерциялық көліктерге арналған кузовтарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету және құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Орталықтың өндірістік қуаты жылына 50 кузовқа дейін жетеді. Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтын нысан қаладағы автосервис саласының дамуына серпін беріп отыр. Астана қаласының әкімдігі, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен Астана Даму Орталығы жобаны бастапқы кезеңнен бастап толық сүйемелдеген.

 

#ТазаКазакстан #экология #TazaChallenge

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1201747?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді