
Тоқжайлау көпсалалы колледж оқытушылары білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Мейрембеков Қыдыржан Қадиярұлының құрметіне арналған волейболдан дәстүрлі турнирге қатысты.
Аталған жарыста колледж оқытушыларынан құралған команда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тартысты ойын нәтижесінде жүлделі III орынды иеленді.
Жеңімпаздар арнайы грамотамен және ақшалай сертификатпен марапатталды.
Бұл жетістік – ұжымның бірлігі мен спортқа деген белсенділігінің айқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-tokzhailau/press/news/details/1201056?lang=kk

Жауап қалдыру