Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты “Артемида-2” миссиясының сәтті орындалуымен құттықтады

️ ️ Мемлекет басшысы АҚШ президентіне “Артемида-2” миссиясының сәтті аяқталуына орай құттықтау хат жолдап, адамзаттың соңғы жарты ғасырдағы Айға алғашқы сапары ғарышты игерудегі тарихи кезең болғанын атап өтті.

Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктерін жоғары бағалады. Ол бүкіл әлемдегі ғалымдардың, инженерлердің және зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіру арқылы білім көкжиегін кеңейтетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа “Артемида” бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1201964?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді