ШҚО-ДА «НЕРЕСТ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-ДА «НЕРЕСТ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлайды:

16 сәуірі мен 30 мамыры аралығында өңір аумағында республикалық «НЕРЕСТ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ:

  • Балықты заңсыз аулау, тасымалдау және өткізу деректерінің алдын алу.
  • Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтау және жолын кесу.
  • Су биоресурстарын сақтауды қамтамасыз ету.

РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР:

Табиғатты қорғау полициясы балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, облыс айдындарында тұрақты рейдтер жүргізеді. Су айдындарында ғана емес, тас жолдар мен базарларда да тексеру жұмыстары күшейтіледі.

МАҢЫЗДЫ:

ШҚО Полиция департаменті балық аулау ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Заңнаманы бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1202561?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді