📢 ШАРДАРАДА ҚЫЛМЫС ПЕН ЖОЛ АПАТЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Облыс әкімінің 2026 жылға арналған құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспарының 21-тармағын іске асыру мақсатында, бүгін, 16.04.2026 жыл күні Шардара аудандық полиция бөлімінде маңызды ақпараттық-танымдық іс-шаралар кешені басталды.
Тәртіп сақшылары Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, «Қылмыстылық пен жол-көлік оқиғаларының профилактикасы» тақырыбында арнайы бағдарламалар түсіруде. Бұл жобаның негізгі мақсаты аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттырып, жазатайым оқиғалардың санын азайту.
Жол-көлік оқиғаларының жиілейтін себептерін талдап және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
​«Біздің мақсатымыз — тек жазалау емес, алдын алу. Әрбір азамат заң талаптарын біліп, қауіпсіздік ережелерін сақтаса, ауданымыз тыныш, жолдарымыз қауіпсіз болады»

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1203613?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді