2026 жылғы 15 сәуірде Ескелді ауылдық округінде жастардың жаппай жиналатын орындарына рейд жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Акимат аппаратының мамандары Қаратал ауданының УИП аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Тажинов С.Б.-мен бірлесіп «Эдем», «Адека», «Диана» және «Радуга» сауда нүктелері мен кафелеріне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында заң талаптарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынатыны түсіндірілді.

Сонымен қатар келушілер мен қызметкерлерге ақпараттық жадынамалар таратылды.

Жастардың қауіпсіздігі мен денсаулығы – ортақ міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1202781?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді