
Ағымдағы жылғы 16-30 сәуір аралығында Абай облысының аумағында балық ресурстарын қорғау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Нерест” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Бұл іс-шара аясында Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері және мүдделі мемлекеттік органдар бірлесіп табиғат қорғау заңнамасын бұзуды анықтау бағытында рейдтік бақылау іс-шараларын жүргізеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығына зиян келтіретін заңсыз әрекеттерді уақытында анықтау;
Табиғи су көздерінде балықтың уақтылы көбеюі мен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
Құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жауапкершілікке тарту арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Азаматтардан табиғатқа жауапкершілікпен қарауды, су айдындары мен орман-далалық аумақтарда заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуді сұраймыз. Табиғатты қорғау – әрбір адамның борышы және болашақ ұрпаққа қалатын маңызды мұрасы.
Егер сіз заңсыз балық аулау, браконьерлік немесе экологиялық құқық бұзушылыққа куә болсаңыз, дереу полицияға хабарлауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1202651?lang=kk

Жауап қалдыру