Білгенің абзал Басқа елдің азаматтығын алған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу (бас тарту) қажет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қос азаматтыққа жол берілмейді.

📌 Хабарлау мерзімі

Басқа елдің азаматтығын алғаннан кейін азамат Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 30 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндетті.

📌 Қайда жүгіну қажет

Өтініш келесі орындарға тапсырылады:

Тұратын жері бойынша полицияның (көші-қон қызметтің) жергілікті органдарына;
Шетелде болған жағдайда Қазақстан Республикасының шет елдегі өкілдіктеріне.

📌 Қажетті құжаттар

Қазақстан Республикасының азаматтығынан бас тарту туралы өтініш;
Қазақстан Республикасының төлқұжаты;
Басқа елдің азаматтығының бар екендігін растайтын құжат.

📌 Жауапкершілік

Уақытылы хабарламаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1202652?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді