Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы аясында Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мониторингтеу және тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінен бастап «Барыс-4» көтерме сауда базарында баға жағдайы бойынша жүйелі мониторинг жүргізілуде. Бұл жұмысқа Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті тартылған.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты -баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу. Әсіресе, 15 пайыздан аспайтын шекті сауда үстемесінің сақталуына және жеткізу тізбегіндегі тиімсіз делдалдық буындарды қысқартуға ерекше назар аударылуда.

Сонымен қатар кәсіпкерлермен және базар әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сауда қатысушыларына заңнама талаптары, баға белгілеудің ашықтығы және тауарлардың қолжетімді әрі дұрыс рәсімделген баға жапсырмаларының болуы қажеттілігі түсіндірілуде.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау шаралары қабылданатын болады.

Мониторинг қорытындысы бойынша материалдар өңірлік комиссияның қарауына ұсынылады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті әкімшілік шаралар қабылданады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда тұр. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-upp/press/news/details/1203124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді