Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғауға болады…

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемгі-жазғы кезеңнің басталуымен балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалар саны артады. Мұндай жағдайлар көбінесе қайғылы салдарға әкеледі.
Жедел мәліметтерге сәйкес, 2025 жылы 1 бала терезеден құлау фактісі тіркелген.
Көбіне 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар қауіп-қатерге ұшырайды.
Оқиғалар статистикасы олардың басым бөлігі тұрмыстық жағдайда орын алатынын көрсетеді. Дегенмен, балалар көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін көрсететін медициналық мекемеде де бір жағдай тіркелген.
2025 жылғы 13 тамызда Түркістан облысының Түркістан қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2023 жылы туған бала Түркістан қалалық балалар ауруханасының 4-қабатындағы палата терезесінен құлап кеткен.
Аталған оқиғалардың негізгі себептері — кішкентай балаларды қараусыз қалдыру, сондай-ақ ашық терезелерге еркін қолжетімділіктің болуы.
Сонымен қатар, масаға қарсы торлар (москиттік торлар) құлаудан қорғаныс құралы болып табылмайтынын ерекше атап өтеміз. Олар баланың салмағын көтере алмайды және жалған қауіпсіздік сезімін қалыптастырады.
10 сәуірден бастап Алтай ауданында «Қауіпсіз терезе» акциясы өткізілуде. ТЖБ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне терезе блокираторларын орнатуда. Бұл шаралар жазатайым оқиғалардың алдын алуға және ең қымбат құндылық — балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.
Бүгінгі күні 4 отбасында 7 блокиратор орнатылды.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Алтай ауданының ТЖБ келесі кеңестерді ұсынады:
— балаларды тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмаңыз;
— терезе алдына жиһаз қоймау арқылы балалардың терезеге қолжетімділігін шектеңіз;
— терезелерге арнайы блокираторлар орнатыңыз;
— баланың қайда екенін үнемі бақылауда ұстаңыз.
Естеріңізге саламыз, балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік толықтай ата-аналар мен заңды өкілдерге жүктеледі.

Алтай ауданының ТЖБ бас маманы Динара Евгеньевна Кузнецова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1203125?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді