26 12 наурыз 47 12 марта 26
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 2 «Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 2-тармағына сәйкес, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы хаты негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. Осы қаулы қосымшасында көрсетілген жер учаскелерін 2026 жылғы 20 маусымға дейін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары жүргізілсін.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулы қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды;
осы қаулы жарияланғаннан кейін жер пайдаланушыларға, иеліктен шығарылатын жер учаскелеріне тапсырылғаны туралы хабарламамен бірге тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама жіберуді қамтамасыз етсін;
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімі Р. Аңбаев
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің
2026 жылғы «12» наурыз № 47
қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің
2026 жылғы 9 қаңтардағы № 2
қаулысына қосымша
Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелері
|
№ |
Жер учаскесінің меншік иелерінің аты-жөні |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Жалпы ауданы, гектар |
Иеліктен шығарылатын аудан, гектар |
Мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мақсаты |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
«Мир-Нан 1» қарапайым серіктестік түріндегі фермерлік қожалық, басшысы Елена Николаевна Мирная |
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі |
15-165-003-1213 |
102 |
102 |
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының № 7 қосалқы аймағын кеңейту |
|
2 |
«ОСКО» шаруа қожалығы, басшысы Нина Михайловна Осипенко |
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі |
15-165-020-036 |
75 |
75 |
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының № 7 қосалқы аймағын кеңейту |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/1203000?lang=kk

Жауап қалдыру