Шаруа және фермер қожалықтары: қандай салық есептілігін тапсырады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жекелеген салықтарды оңайлатылған тәртіппен есептеп, төлейді. Бұл ретте салық агентінің міндеттемелері жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен орындалады.

2026 жылға дейін шаруа және фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын төлеп келген.

📌 2026 жылдан бастап өзгеріс!

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай жер салығы жойылды.

👉 Оның орнына шаруа және фермер қожалықтары жеке табыс салығын төлейді.

📊 Салық есептілігін көрсету тәртібі.

Осы өзгерістерге байланысты:

✅ Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының сомалары,
сондай-ақ қызметкерлер үшін әлеуметтік төлемдер және бірыңғай төлем:
200.00 нысанында «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияда» көрсетіледі.

👨‍🌾 Қожалық басшысы мен мүшелері бойынша.

✅ Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелері үшін әлеуметтік төлемдер:
920.00 нысанында «Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда» көрсетіледі.

💰 Салықтарды төлеу тәртібі.

Шаруа және фермер қожалықтары:

🔹 Бірыңғай жер салығын
👉 104501 бюджеттік сыныптама коды бойынша
👉 2026 жылға дейінгі салық міндеттемелері бойынша
👉 2026 жылға дейінгі кезеңдер үшін 920.00 нысаны арқылы төлейді

🔹 Жеке табыс салығын
👉 101202 бюджеттік сыныптама коды бойынша
👉 2026 жылдан бастап салық міндеттемелері бойынша
👉 2026 жылдан бастап кезеңдер үшін 920.00 нысаны арқылы төлейді

📎 Қорытынды:

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

📄 қызметкерлерге төлемдер бойынша міндеттемелер 200.00 нысаны арқылы орындалады
📄 қожалық басшысы мен мүшелері үшін әлеуметтік төлемдер 920.00 нысаны арқылы көрсетіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1203399?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді