Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде су тасқынының алдын алу бойынша кешенді жұмыстар алдын ала ұйымдастырылды. Инертті материалдардың қоры жасақталып, қаптар дайындалды, жанар-жағармай материалдарының қажетті қоры қамтамасыз етілді, сондай-ақ халықты және ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру пункттері белгіленді. Қажет болған жағдайда ауыр инженерлік техника тартылады. Судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі және полиция бөлімшелерінен күштер мен құралдар тобы жасақталды. Жоғары өтімді техника, жүзу құралдары, мотопомпалар, авариялық-құтқару жабдықтары және халықты эвакуациялауға арналған құралдар дайын күйде. Өңірге қосымша құтқару бөлімшелерінің күштері тартылып, су тасқыны қаупі жоғары аймақтарда орналастырылды. Халық арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру және су басу қаупі туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі бойынша кең көлемді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Жағдай тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1203127?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді