Абай облысында “Вело-мопед” жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктем мезгілінің келуімен бірге Абай облысы аумағында қозғалыс жанданып, қала көшелерінде велосипед, мопед және өзге де шағын көлік түрлері көбейе түседі. Бұл өз кезегінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 16–19 сәуірі аралығында облыс аумағында «Вело–мопед» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.

✅Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қатаң бақылау. Көктемгі кезеңде әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында велосипед пен мопедті пайдалану жиілейді. Алайда олардың барлығы бірдей жолда жүру тәртібін толық сақтай бермейді. Осыған байланысты құқық қорғау органдары жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шараларды қолға алуда.

‼️ Мүліктеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар. Велосипедті, мопедті немесе скутерді сыртта қалдыру кезінде әрдайым сенімді құлпымен бекітіңіздер.
Құрылғыларды бақылауда ұстаңыздар. Қала көшелерінде немесе қоғамдық орындарда қалдырған кезде көрінетін жерде қалдырмау маңызды.
Қауіпсіздік құралдарын қолданыңыздар. Велосипед пен мопедке арналған арнайы сигнализация немесе қосымша құлыптар пайдаланыңыздар.
Балаларға да үйретіңіздер. Жасөспірімдерге мүлікті қараусыз қалдырмаудың маңызын түсіндіріңіздер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1204615?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді