
⚜ Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті брифинг өтті. Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары У. Б. Бейсембаев тексерулер мен тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижелері туралы баяндама жасады. Департамент тарапынан еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде тексерулер жүргізілуде. Атап айтқанда, кәсіпорындарда қызметкерлердің құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының орындалуы басты назарда. Брифинг барысында жүргізілген тексерулердің қорытындылары, анықталған заңбұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар кеңінен айтылды. Сонымен қатар, өндірістік жарақаттану жағдайлары бойынша жүргізілген тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижелері де хабарланды. У. Б. Бейсембаев еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, жұмыс берушілерді еңбек заңнамасын қатаң ұстануға шақырды. Оның айтуынша, бұл өз кезегінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап беріліп, саладағы өзекті мәселелер талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1204617?lang=kk

Жауап қалдыру