Ауылымыздың абыройлы ақсақалы, көпті көрген қария Қалиев Аттыбай ақсақалдың 90 жасқа толуына орай ерекше құрмет көрсетілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауылымыздың абыройлы ақсақалы, көпті көрген қария Қалиев Аттыбай ақсақалдың  90 жасқа толуына орай ерекше құрмет көрсетілді.
Осынау айтулы мереке қарсаңында округіміздің ардагерлер кеңесінің төрағасы — Ә. Қыстаубаев, аналар кеңесінің төрайымы — М. Шотанбекова, «Майқынов» шаруа қожалығының басшысы — Е. Майқынов, сондай-ақ облыс және ауданымыздың құрметті азаматы — Б. Қапсаламов арнайы барып, ақсақалды мерейлі жасымен құттықтады.
Кездесу барысында округ әкімінің арнайы құттықтауы табысталып, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жабылып, сый-сияпат көрсетілді. Қадірлі қарияға ақжарма тілектер айтылып, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, ұрпақтарының қызығын көре беруіне ізгі ниет білдірілді.
Ғасыр жасаған ақсақалдың өнегелі өмір жолы — кейінгі ұрпаққа үлгі. Осындай асыл жандарымыз ортамызда аман болып, ауылымыздың ақ батасын беріп, елдің бірлігі мен берекесінің ұйытқысы бола берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1204316?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді