Егер сізге құқық қорғау органдары өкілдерінің дәл осындай бейнесі мен дауысын пайдаланып, азаматтарды алдау, жеке деректерін ұрлау немесе ақша талап ету мақсатында жасалған бейнежазба келсе, бұл – Deepfake киберқылмысының бір түрі.
Deepfake — адамның бет-бейнесі мен дауысын жасанды түрде құрастырып, оны шынайы сөйлеп тұрғандай етіп көрсететін жалған видео немесе аудио.
Қысқаша айтқанда, көріп тұрғаныңыз шынайы сияқты көрінгенімен, ол жалған болуы мүмкін.
Мына ережелерді есте сақтаңыз:
– Ақша сұралса — міндетті түрде тексеріңіз;
– Дауыс немесе видео болса да — қайта хабарласып нақтылаңыз, бірден шешім қабылдамаңыз.
– Бейтаныс сілтемелерді ашпаңыз.
Сонымен қатар, күмәнді сайттар «Кибербақылау» платформасы арқылы анықталып, алаяқтар таратқан жалған бейнежазбалар мен фишингтік ресурстар бұғатталды.
Жауап қалдыру