ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР: ҚЫЗМЕТКЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі №277-VIII Заңына сәйкес (2026 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі) Еңбек кодексіне еңбекті қорғауды күшейту және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мақсатында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, ҚР Еңбек кодексінің 190-бабына өзгерістер енгізілді. 2-тармақтың екінші бөлігінде «өрескел абайсыздық» деген сөздер «зардап шеккен адамның өрескел абайсыздығы» деген нақтылаумен ауыстырылды.

Сондай-ақ бұрын қолданылған «тараптардың сабақтас жауаптылығын қолданады және жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындайды» деген норма өзгертіліп, енді «зардап шеккен адам кінәсінің дәрежесін пайызбен, бірақ жиырма бес пайыздан асырмай белгілейді» деген тұжырым енгізілді.

Бұл өзгерістер еңбек қатынастарында әділдікті қамтамасыз етуге және қызметкерлердің құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1203957?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді