Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес шешім ҚАБЫЛДАДЫМ:
Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХІХ сессиясы 2026 жылдың сәуір айының 24 күні сағат 10-00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
– Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органының құрамын бекіту туралы.
Хабарламашы: Д.Жәнібеков – аудан әкімі аппаратының басшысы.
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы Н.Мендешов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karatobe-maslihat/press/news/details/1204728?lang=kk

Жауап қалдыру