Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ағымдағы жылдың үш айының қорытындысы бойынша Департамент бастығы, әділет полковнигі Алтынбек Қалиевтің төрағалығымен кеңейтілген жедел кеңес өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ағымдағы жылдың үш айының қорытындысы бойынша Департамент бастығы, әділет полковнигі Алтынбек Қалиевтің төрағалығымен кеңейтілген жедел кеңес өтті.
Кеңеске мекеме басшылары, құрылымдық бөлім басшылары қатысты.
Депаптамент бастығының орынбасарлары баяндамалар жасап, негізгі көрсеткіштерге жан-жақты талдау жүргізілді. Сондай-ақ мекемелер басшыларының есептері тындалды.
Кеңесте қызметтің негізгі бағыттары талқыланып, қол жеткізілген нәтижелер мен орын алған кемшіліктер айқындалды.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында қаралған өзекті мәселелер жеткізіліп,
заң мен тәртіп қағидаттарын қатаң сақтау қажеттілігі атап өтілді. Жиын қортындысы бойынша Департамент бастығы колонияларда арнайы контингенттің ұстау режимін қатаң сақтау, жұмыспен қамту, заманауи цифрлық құралдарды қызметке енгізу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызмет тиімділігін арттыру және сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу бағытында нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1204185?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді