Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
♻️«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ОРДАБАСЫДА АУҚЫМДЫ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ
♻️Түркістан облысы Ордабасы ауданының экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желек көлемін арттыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейту мақсатында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.
♻️Іс-шара Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Таза аула» апталығы шеңберінде өтті. Экологиялық акция Темірлан ауылындағы Самал ықшамауданында өтіп, онда 300-ден астам адам қатысты. Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бірдей атсалысып, өз үлестерін қосты.
♻️Игі бастамаға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, құқық қорғау органдарының басшылары, денсаулық сақтау саласының өкілдері, жастар, спорт бөлімінің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ауыл тұрғындары, коммуналдық сала жұмысшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері белсене қатысты.
♻️ Экологиялық акция нәтижесінде Темірланның кіреберіс аумағы жасыл белдеуге толықты. Онда Қырым қарағайы, павлония, багрянник, қызғалдақ ағашы және түрлі жеміс ағаштары егіліп, барлығын қосқанда 1200 түп ағаш отырғызылды. Тазалық жұмыстарына 7 техника жұмылдырылып, 16 тонна қоқыс шығарылды. Болашақта бұл аумақ тұрғындар үшін жайлы демалыс аймағына айналады деп күтіліп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
________
♻️ «ТАЗА КАЗАХСТАН»: В ОРДАБАСЫ ПРОШЛА МАСШТАБНАЯ ЭКОАКЦИЯ
♻️ В Ордабасинском районе Туркестанской области прошла масштабная акция по очистке, направленная на улучшение экологической обстановки, увеличение площади зеленых насаждений и укрепление ответственности жителей перед природой.
♻️ Мероприятие прошло в рамках недели «Таза аула» общенациональной программы «Таза Казахстан», реализуемой по инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева. Экологическая акция прошла в микрорайоне “Самал” села Темирлан, в ней приняли участие более 300 человек. Все они внесли свой вклад в дело защиты окружающей среды и формирования экологической культуры.
♻️ К инициативе присоединились аким района Азат Оралбаев, председатель районного маслихата Бакдаулет Жумабеков, руководители правоохранительных органов, представители сферы здравоохранения, молодежь, сотрудники отдела спорта, государственные служащие, жители села, работники коммунальных служб и представители общественных организаций.
♻️ В результате экологической акции на въезде в село Темирлан сформирован зеленый пояс. Было высажено 1200 саженцев, среди которых крымская сосна, павлония, багрянник, тюльпановое дерево и различные плодовые деревья. В работах по очистке было задействовано семь единиц техники, вывезено 16 тонн мусора. Ожидается, что в будущем эта территория станет комфортной зоной отдыха для жителей.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1204184?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді