2026 жылдың 18 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақжал кентінде «Таза аула» сенбілігі өтті.
Кентіміздің тазалығы мен көркейіп-көгалдануына бей-жай қарамайтын тұрғындар көше, аулалар мен балалар алаңдарын ретке келтіруге белсене атсалысты.
Сенбілік барысында: көпқабатты үйлердің аулалары , көшелер, мекеме маңайлары қоқыстан тазартылды; Балалар ойын алаңдары мен демалыс орындары ретке келтірілді; Кентіміздің санитарлық жағдайы жақсарып, айналамыз таза кейіпке енді.
Тазалық – табалдырықтан басталады. Ортақ үйіміздің таза болуына үлес қосқан әрбір тұрғынға, еріктілерге және мекеме қызметкерлеріне алғыс білдіреміз! 🤝
Тазалық акциясы тұрақты түрде өткізіледі. Кентімізді бірге көркейтейік!Таза өлке, жарқын болашақ!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1205189?lang=kk

Жауап қалдыру