
Ақтөбе облысында биылғы көктемгі дала жұмыстары жүйелі түрде басталып, өңір диқан-дары жаңа маусымға жоғары дайындықпен кірісті. Жалпы алғанда, көктемгі егіс жұмы-старын 865 мың гектар алқапта жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде 506 мың гектарға дәнді дақылдар, 75 мың гектарға майлы дақылдар, 277 мың гектарға мал азығы егіледі.
Сонымен қатар, 3,5 мың гектарға картоп, 3,3 мың гектарға көкөніс-бақша дақылдарын орналастыру көзделген.
Егіс науқанын сапалы жүргізу үшін қажетті тұқым қоры дер кезінде дайындалды. Жалпы 49 мың тонна тұқым қажет болса, бүгінде оның 98 пайызы қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік қолдау шаралары да өз нәтижесін беруде. Көктемгі дала жұмыстарын уақты-лы әрі тиімді жүргізу үшін 7,9 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Оның ша-руаларға жеткізу бағасы литріне 275 теңгені құрайды, бұл нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен. Бөлінген жанар-жағармай көлемі егіс жұмыстарын толық қамтуға жет-кілікті.
Техникалық дайындық та жоғары деңгейде. Биылғы науқанда 1,5 мың трактор, 100-ден астам жоғары өнімді егіс кешендері, 1,4 мың тұқым сепкіш және 1,8 мың жер өңдеу тех-никасы жұмылдырылмақ.
Шаруалар минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын алдын ала са-тып алу бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыста-рын қаржыландыру мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Ақтөбе» ӘКК арқылы жылдық 5 пайызбен жеңілдетілген несие беру жалғасуда. Бүгінде 5,1 млрд теңге көлемінде қаржы берілген.
Өсімдік шаруашылығын қолдауға бағытталған субсидиялар да қарастырылған. Бұл мақсатқа 2,1 млрд теңге бөлініп отыр.
Қазіргі уақытта топырақтағы ылғал қорын сақтау жұмыстары жүргізіліп, 140 мың гектар алқап қамтылды. Бұл шаралар алдағы өнімнің мол болуына негіз қалайды.
Жалпы, Ақтөбе облысында көктемгі егіс науқанына дайындық жоспарлы түрде жүзеге асырылып, барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Бұл өз кезегінде өңірдің аграрлық әлеуетін арттырып, мол өнім алуға берік негіз болмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1206253?lang=kk

Жауап қалдыру