
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев 2026 жылдың 7 сәуірінде «Жібек жолы» шекара өткізу пункті маңындағы инфрақұрылымды жүйелеу және қызмет көрсету орындарын ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл тапсырмалар аясында жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ нысандардың қасбеттерін біріздендіру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда.
Өңір басшысы аталған тапсырмалардың орындалу нәтижелерін сараптау мақсатында Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан кеден бекетін аралап, шекара маңындағы заңсыздықтарды жою және тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарының жалғасуы қажеттігін атап өтті. Осы бағыттағы бақылауды аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабуловқа тапсырды.
Жүргізілген зерделеу нәтижесінде заңсыз салынған кәсіпкерлік нысандары анықталып, оларға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі таңда 6 заңсыз кәсіпкерлік нысанның 5-еуі толық бұзылып, қалған 1 нысанның бұзу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, кеден бекеті аумағында орналасқан 12 заңсыз сауда дүңгіршегі алынып тасталды. Аталған жұмыстар заң талаптарына сәйкес әрі қарай жалғасын табатын болады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1206252?lang=kk

Жауап қалдыру