АШЫҚ ДИАЛОГ: ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСТАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен әкімдердің халықпен тұрақты кездесу өткізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Зертас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
 
⚜️ Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдау, ұсыныстарды қарастыру, сондай-ақ ауданның инвестициялық әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту екенін атап өтті.
 
↪️ Аудан әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, 2026 жылға арналған жоспарлармен таныстырды. Қазіргі таңда өңірде инвестициялық жобалар іске асырылып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
 
↪️ «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаңакүш елді мекеніндегі орталық көше жөнделіп, Зертас ауылындағы 8 көшеге жарықтандыру жүйесі орнатылды. Су мұнарасы жаңартылып, бейнебақылау камералары қойылды. Қоғамдық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы техника сатып алынды.
 
↪️ Сондай-ақ, Жаңакүш елді мекенінде ұялы байланыс сапасы жақсарды. 2025 жылы «Кселл» АҚ 4G базалық станциясын орнатып, 250-ден астам тұрғын сапалы интернетке қол жеткізді.
 
📍 2026 жылға жалпы құны 290 млн теңгені құрайтын 4 ірі жоба жоспарланған. Оның ішінде спорт кешенінің құрылысы, бас жоспар әзірлеу, мәдениет үйі ауласын абаттандыру және медициналық пунктті жөндеу жұмыстары бар.
 
📍 Кездесу барысында тұрғындар жаңа массивтен жер телімдерін бөлу, Зертас–Шымкент бағытында қоғамдық көлік қатынасын ашу, Ленгір–Зертас жолын жөндеу және егістік алқаптарына мал түсуіне байланысты айыппұл шараларын күшейту мәселелерін көтерді.
 
📍 Аудан әкімі барлық ұсыныстар кезең-кезеңімен қаралып, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.
Мұндай кездесулер билік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1206341?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді