
Қазіргі уақытта дәрілік заттардың 4994 сауда атауына шекті бағалар бекітілген. Бұл ретте 1707 рецептсіз босатылатын препарат мемлекеттік реттеуден шығарылып, нарықтық қағидаттар негізінде сатылуда.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстағы дәріхана ұйымдарындағы дәрілік заттардың бағаларына талдау жүргізді.
Бағаның төмендеуі келесі дәрілік заттар бойынша тіркелді:
Аторис 10 мг №30 — 38%-ға;
Аугментин 500/125 мг №14 — 32,6%-ға;
Сумамед 500 мг №3 — 37,4%-ға;
Нольпаза 40 мг №14 — 31,9%-ға;
Тобрэкс 5 мл (тамшы) — 50,7%-ға;
Метипред 4 мг №30 — 57,4%-ға;
Омез 20 мг №30 — 36,8%-ға.
Аталған препараттар сұранысқа ие және әртүрлі ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады.
Белгіленген шекті бағалардың асырылу фактілері анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 426-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Мүмкін болатын бұзушылықтар туралы DariKZ және NaqtyOnim мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне e-Otinish порталы арқылы немесе Ақтөбе қаласы, Тілеу батыр көшесі, 9Б мекенжайы бойынша жүгіну арқылы хабарлауға болады. Барлық өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
Азаматтардан ресми ақпарат көздеріне және тексерілген деректерге сүйенуді сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1205802?lang=kk

Жауап қалдыру