
Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
21-26 сәуір аралығында өңір аумағында жүргізушілердің жолдағы тәртібін арттыруға және апаттылықты төмендетуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді.
Осы кезеңде, әсіресе түнгі уақытта, тасжолдарда патрульдік полиция нарядтарының саны көбейтіледі. Полиция қызметкерлері жылдамдықты асыру, көлікті масаң күйде басқару, қауіпті басып озу, қарсы жолаққа шығу және маневр жасау сияқты бұзушылықтарға, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпау деректеріне ерекше назар аударады.
Оң жақ рөлді көліктермен такси қызметін көрсетуге тыйым салынатынын ескертеміз. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және жолда жауапкершілік танытуға шақырады – бұл барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1205801?lang=kk

Жауап қалдыру