
2026 жылдың сәуір айының 21-24 күні аралығында Республика көлемінде «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алу болып табылады. «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде учаскелік полиция инспекторларымен қару иелері тексеріліп, қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарымен рұқсаты бар адамдардың азаматтық қаруларын сақтау тәртібін бұзғандарға және қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау орын алған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің тиісті бабында көзделген әкімшілік шара тағайындалатынын ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1205800?lang=kk

Жауап қалдыру