
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі. Осы бағытта полиция департаментінің тиісті құрылымдары тарапынан профилактикалық және тексеру іс-шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, оқу орындарында бейнебақылау камераларының орнатылуы мен олардың үздіксіз жұмыс істеуі қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының кіреберістеріндегі турникеттердің жұмыс тәртібі тексеріліп, металлоискательдердің болуы және олардың тиімді қолданылуы да назардан тыс қалмай отыр. Қабылданып жатқан бұл шаралар құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ төтенше жағдайларды дер кезінде анықтап, тиісті әрекет етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1205799?lang=kk

Жауап қалдыру