
Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығының соңғы күні «Кітап – достық амбассадоры» атауымен өтеді. Атаулы күн отандық әдебиетті шетел оқырманы арасында насихаттауға бағытталған.
Бүгін республика бойынша кітапханаларда, мәдениет және білім беру ұйымдарында шығармалары шет тілдерге аударылған қазақстандық авторлардың, сондай-ақ кәсіби аудармашылар мен баспагерлердің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылады.
Бұл күн аясында өтетін іс-шаралар әдебиетті халықтар арасындағы мәдени әрі рухани байланысты нығайтатын маңызды құрал ретінде айшықтауға мүмкіндік береді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1205798?lang=kk

Жауап қалдыру