ШҚО-да қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын киім киюге тыйым салу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын киім киюге тыйым салу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жоспарлы профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын киім киюге қатысты заңнама талаптарын ескертуде.

Аталған ереже елімізде 2025 жылдың шілде айынан бастап қолданысқа енгізілген және ол тек азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Бет-әлпеттің ашық болуы бейнебақылау жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл полиция қызметкерлеріне орын алған оқиғаларға жедел әрекет етуге және құқық бұзушылықтарды ізін суытпай ашуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, заңнамада бет-әлпетті жабуға рұқсат етілетін ерекше жағдайлар нақты көрсетілген:

  • қызметтік міндеттерді атқару кезінде (арнайы киім үлгісіндегі дәрігерлер, құрылысшылар, арнайы қызмет өкілдері);
  • медициналық көрсеткіштер бойынша (бетперде тағу);
  • қолайсыз ауа райы жағдайларында (қатты аяз, шаңды дауыл);
  • спорттық жарыстар немесе мәдени-бұқаралық мерекелер кезінде.

Полиция қызметкерлері сауда орталықтарында, базарларда және халық көп жиналатын демалыс орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратуда.

Департаменттің атап өтуінше, бұл талаптар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектемейді. Керісінше, бұл шаралар өңіріміздегі тыныштықты сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1205797?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді