
15.04.2026 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаменті «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ-мен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету мақсатында облыстық заң қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Тегін заң көмегі» акциясын өткізді.
Аталған шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Ұйымдастырылған шара барысында азаматтардың шешім таппай жүрген сұрақтарына қолданыстағы заң шеңберінде жауап беріліп, тегін заң көмегі көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1206433?lang=kk

Жауап қалдыру