Байғанин ауданында домбырашылар бір мезетте «Ақбұлақ» әнін шырқады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

«100 жыл – 100 домбырашы» ауқымды мәдени акция биыл 100 жылдық мерейтойы атап өтілетін ақын, сазгер, әнші Бәкір Тәжібаевқа арналды.

Ұйымдастырушылар шара кезінде әнді шырқауға 100 домбырашы емес, 200 өнерпаз ниет білдіргенін айтады. Олардың арасында жасөспірім балалармен қоса, ауылдың үлкендері де бар екен. Өнерпаздар Ақбұлақ ауылы маңында, табиғат аясында, бір мезетте ұлттық өнердің асқақ үнін кең дала төсінде бірге әуелеткен.

Бәкір Тәжібаев 1926 жылдың 15 мамырында Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. Туған жерге деген сағынышы мен шынайы сүйіспеншілігін жеткізу үшін оның 1985 жылы «Ақбұлақ» әні жарық көреді. Туынды бірден тыңдарман көңілінен орын тауып, халық арасында кеңінен таралып, ел жадында сақталған сүйікті әндердің біріне айналды.

Айта кетейік, «100 жыл – 100 домбырашы» акциясы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. Ал белгілі композитордың мерейтойы облыста кең көлемде күзде тойланады. Атаулы күнге орай, бірқатар мәдени-рухани іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1206978?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді