23 сәуір – Ұлттық кітап күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының қолдауымен Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №2 мекемеде кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықты.

Айта кету керек, 23 сәуір Қазақстанда «Ұлттық кітап күні» ретінде бекітілген. Аталған күн қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Мемлекет басшысының үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында (Атырау қ., 15.03.2024 ж.) берген тапсырмасына сәйкес енгізілді. Бұл күн сондай-ақ ЮНЕСКО бекіткен «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен» тұспа-тұс келеді.

Іс-шара аясында мекеме кітапханасына 300-ге жуық кітап табысталып, оның мазмұндық қоры айтарлықтай кеңейді. Қорға түскен жаңа басылымдар қатарында көркем әдебиет, тарихи еңбектер, танымдық және мотивациялық кітаптар бар.
Сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде кітапханалар тұрақты түрде жұмыс істейді. Онда жүздеген қызықты кітаптар қоры жинақталған. Бұл сотталғандардың кітап оқуға шектеусіз қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Олар көркем әдебиеттен бастап, фантастикалық жанрдағы шығармаларды, ғылыми-көпшілік және әлеуметтік бағыттағы басылымдарды еркін таңдап оқи алады.

Осы бағытта сотталғандардың заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру, құқықтық санасын арттыру, рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Шекарасыз оқу» жобасын іске асыру көзделген. Жоба сотталғандарды көркем, танымдық және әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді оқуға тартуға бағытталған.

«Шекарасыз оқу» жобасы сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелік және профилактикалық жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ол оң өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға, зияткерлік әлеуетті дамытуға және босап шыққаннан кейін қоғамға табысты бейімделуге ықпал етеді.

Бұл бастама сотталғандардың бос уақытын тиімді өткізуіне ғана емес, олардың рухани дамуына, ой-өрісін кеңейтуіне және кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Мекеме әкімшілігі мұндай жобалар арқылы білімге деген қызығушылықты арттыруды жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Кітап – адамның ішкі әлемін байытып, өмірге деген көзқарасын өзгертетін маңызды құрал. Осы тұрғыда қолға алынған шаралар сотталғандардың өзін-өзі дамытуына, жаңа дағдылар меңгеруіне және қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеді.

Сотталғандар өз кезегінде көрсетілген қолдау үшін Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасына алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың олардың болашаққа деген сенімін нығайтып, жаңа өмірге қадам жасауына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1206965?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді