Қазақстандық және шетелдік сарапшылар БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультацияларды бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік экологиялық саммит аясында БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялар басталды. Сыртқы істер министрлігі мен Су ресурстары және ирригация министрлігі бірлесіп ұйымдастырған жоғары деңгейдегі сессияға су шаруашылығы ведомствосының басшысы Нұржан Нұржігітов қатысты.

Өз сөзінде министр су ресурстарын басқарудың саясат, ғылым, қаржы және технологияларды біріктіретін кешенді моделіне көшу қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі таңда су ресурстарын басқарудың жаһандық жүйесі әлі де бытыраңқы күйде қалып отыр, ал түрлі институттар арасындағы үйлестіру жеткіліксіз. Су мәселелері климат, энергетика және азық-түлік саясатына толық деңгейде кіріктірілмеген, сондай-ақ трансшекаралық ынтымақтастық пен инновацияларды енгізуге жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Осыған байланысты Қазақстан БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын ілгерілетіп отыр. Біз бұл ұйымды мемлекеттер мен халықаралық институттардың күш-жігерін үйлестіретін, деректер мен технологиялар алмасуын күшейтетін және келісілген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін практикалық алаң ретінде қарастырамыз. Бұл бастама халықаралық серіктестер тарапынан кең қолдау тауып, жаһандық ынтымақтастықты нығайтып, су ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға маңызды қадам болады деп сенеміз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Консультациялар қорытындысы бойынша жиынтық есеп дайындалады. Бұл құжат 2026 жылғы желтоқсанда Абу-Дабиде өтетін БҰҰ-ның су ресурстары жөніндегі конференциясында нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін келесі келіссөз кезеңдеріне негіз болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1206970?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді