Мәслихат депутаттары өңір дамуына арналған бюджет жобасын қолдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 24 сәуір күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма және департамент басшылары, қала және аудан әкімдері, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатысты.

Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібінде 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, кейбір мәслихат шешімдерінің күшін жою және өзгерту, облыстық комиссиялардың құрамдарын жаңарту, сондай-ақ бірқатар кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Сессияда Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Т. Едігеев 2026 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау бойынша баяндама жасады.

Мәлімет бойынша, бюджет қаражаты әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталады. Ақтау қаласы, Маңғыстау ауданы, Бейнеу ауданы және Жаңаөзен қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, электр, газ және су желілерін жаңғырту, жаңа шағынаудандарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және электрмен жабдықтау жүйелерін кеңейту жобалары қамтылған.

Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Мәслихат депутаттары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бюджет жобасын қолдады.

Жиын соңында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қабылданған шешімдердің өңірдің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал ететінін атап өтіп, депутаттық корпусқа бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді.

«Біздің басты мақсатымыз – өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халықтың өмір сапасын арттыру және инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңғырту. Осы бағытта барлық бастамалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қабылданып жатқан шешімдер – өңірдің нақты қажеттіліктеріне негізделген. Өңіріміз дамып келеді, бұл бағыттағы жұмыстарды бірге жалғастырып жатырмыз. Қолдауларыңызға рақмет», – деді облыс әкімі.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1208028?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді