Өңірлік экологиялық саммит аясында Орталық Азия елдерінің өкілдері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Орталық Азияда шағын гидроэнергетиканы орнықты дамыту: елдердің көзқарасы» тақырыбында тақырыптық сессия өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия барысында Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Сағи Үтелов Қазақстанда гидроэнергетиканы су балансының нақты мүмкіндіктерін ескере отырып кезең-кезеңімен дамыту шаралары туралы айтты.

«Соңғы жылдары Қазақстан трансшекаралық су мәселесі бойынша барлық көрші мемлекеттермен құқықтық базаны толық қалыптастырып, су дипломатиясының жүйелі моделін құрды. Оның аясында тұрақты өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз ететін екіжақты комиссиялар құрылып, жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта министрлік экономиканың барлық саласын, соның ішінде гидроэнергетиканы қамтитын мемлекеттік су саясатын ұзақ мерзімді жоспарлау құжаттарын әзірлеп жатыр. Бұл құжаттарда су балансы жаңартылып, елдің гидроэнергетикалық әлеуетіне баға беріледі», – деді Сағи Үтелов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1208005?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді