Жастар театры Қонаевта: сахна мен көрерменді табыстырған әсерлі кеш

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласында мәдени өмір тағы бір жарқын оқиғамен толықты. Елордадан арнайы келген Астана қаласының Жастар театры гастрольдік сапар аясында жергілікті көрерменге «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты музыкалық қойылымын ұсынды.

Өнер кеші көрерменді алғашқы сәттен-ақ өзіне баурап, сахна мен зал арасындағы нәзік байланысты айқын сездірді. Музыка мен драманың үйлесімі, актерлердің шынайы ойыны көрермен жүрегіне жол тауып, ерекше әсер қалдырды.

Қойылым соңында көрермен ұзақ уақыт қол соғып, өнер иелеріне ризашылығын білдірді. Кеш әсері көпшіліктің жадында ұзақ сақталары анық.

Жастар театрының Қонаевқа сапары – өнердің шекара танымайтынын, рухани байланыстың әрдайым маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/1208004?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді