Қаржылық сауаттылық бойынша форум: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да инвестициялар, банктік сервистер және алаяқтықтан қорғау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub алаңында «Қаржы навигаторы: сенімділік пен қауіпсіздікке жол»  форумы өтті. Іс-шара студенттерді, оқытушыларды, қаржы нарығының сарапшыларын және бейінді ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

 Форум Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында өтті. Қатысушылар қаржылық күн тәртібінің негізгі мәселелерін, оның ішінде кредиттерді жауапкершілікпен пайдалануды, жеке қаржыны басқаруды, инвестициялау негіздерін, сондай-ақ қаржылық алаяқтық пен дропперлікке қарсы іс-қимылды талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры Марғұлан Ибраимов цифрлық экономиканың дамуы жағдайында қаржылық сауаттылық пен жеке қаржыға жауапкершілікпен қараудың ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Қизатов қаржылық сауаттылық қазіргі жастардың негізгі дағдыларының бірі, ал ақпаратты талдай білу және алаяқтық схемаларды тани білу қаржылық қауіпсіздіктің маңызды элементі болып табылатынын атап өтті.

Форум барысында сарапшылар сөз сөйледі, олар кредиттерге жауапкершілікпен қарау және бюджетті ерте жастан жоспарлаудың маңыздылығы мәселелеріне тоқталды, сондай-ақ инвестициялаудың негізгі құралдары мен қор нарығының ерекшеліктеріне тоқталды. Студенттерге заманауи алаяқтық схемалар, Ұлттық Банктің Антифрод-орталығының жұмысы және қаржылық алаяқтықтың алуан түрлеріне қарсы іс-қимыл әдістері туралы айтылды.

 ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Жандос Дүйсебаев дропперліктің тәуекелдерін, банктік және дербес деректерді үшінші тұлғаларға берудің салдарын, сондай-ақ осындай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік туралы атап өтті.

Форум сарапшылар мен жастар арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Қатысушылар нақты жағдайларды талдап, заманауи қаржы құралдарын талқылады және жеке қаржыны қорғау үшін практикалық білім алды.

Іс-шара соңында қаржылық квиз өтті, оның жеңімпаздары жүлделермен марапатталды. Сондай-ақ, форум аясында «Дропперлік: жеңіл ақша – ауыр зардаптар» бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылды. Студенттер 24 жұмыс дайындады.

Роликтер әлеуметтік желілерде Fingramota.kz  жобасының беттерінде жарияланатын болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1208384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді