
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармалардың қызметкерлеріне арналған құқықтық оқыту сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №162 бұйрығымен бекітілген тексерулерді тіркеу қағидаларын қолдану мәселелеріне арналды.
Оқыту жұмысына Ақмола облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет департаментінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Айгерім Сабурова қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және тексерулерді тіркеу рәсімдерін бірізді әрі дұрыс қолдануды қамтамасыз ету. Оқу барысында тексерулерді тіркеу тәртібі, құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ ЕРСОП ақпараттық жүйесінде жұмыс істеудің маңызды қырлары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, мәліметтерді енгізу кезінде жиі жіберілетін қателіктер мен олардың алдын алу жолдарына ерекше назар аударылды.
Берілген түсіндірмелер құқықтық тәртіпті нығайтуға, қызметтік міндеттерді сапалы орындауға және бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Бағдарламаға сәйкес негізгі баяндама Айгерім Сабурова тарапынан ұсынылды. Кездесу соңында қатысушылар тәжірибелік мәселелер бойынша пікір алмасып, сұрақ-жауап алаңында өзекті жайттарды талқылады.
Департамент спикерге және барлық қатысушыларға белсенділік танытып, кәсіби қызығушылық білдіргені үшін алғыс білдіреді. Алынған білім мен тәжірибе алдағы уақытта қызмет тиімділігін арттыруға және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының №162 бұйрығы мен өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын мүлтіксіз сақтауға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1208315?lang=kk

Жауап қалдыру