Қытай Халық Республикасының Экология және қоршаған орта министрі Хуан Рунцюмен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін екіжақты өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғиресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың Қытай Халық Республикасының Экология және қоршағанорта министрі Хуан Рунцюмен кездесуі өтті.

Тараптар өзара құрмет пен сындарлы диалогқа негізделген екіжақты ынтымақтастықтың тұрақты дамуын атап өтті. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық саясатты жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Қазақстан-Қытай комиссиясының өзара іс-қимылдың тиімді платформасы ретіндегі, оның ішінде трансшекаралық өзендер суларының сапасын мониторингтеу, талдау және бағалау және төтенше жағдайларға жедел ден қою және ластанудың алдын алу мәселелері жөніндегі рөлі атап өтілді.

Сондай-ақ, 2025 жылы Тяньцзинь қаласында қол қойылған экология және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумның іске асырылуы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін сақтауға сенім білдірді.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207806?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді