Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📌 22 сәуір күні СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.С. Күшбасовтың төрағалығымен медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (МККБИ), микробиологиялық мониторинг және микробқа қарсы төзімділік мәселелері бойынша облыстық семинар өтті.
⚡️ Семинарға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, медициналық ұйымдардың емдеу ісі жөніндегі бас дәрігерлерінің орынбасарлары, госпитальдық эпидемиологтар, сондай-ақ қалалық және аудандық медициналық ұйымдардың инфекциялық бақылау бойынша мейіргерлері қатысты.
✨ Семинар барысында СҚО бойынша МККБИ-дің эпидемиологиялық жағдайы, медициналық ұйымдарда МККБИ-ді тіркеудің нормативтік талаптары, сондай-ақ көпбейінді облыстық ауруханада жүргізілетін микробиологиялық мониторинг пен микробқа қарсы төзімділік мәселелері қаралды.
⚡️ Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1207808?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді