Таза Қазақстан: Жасыл аймақ – таза өлке!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таза Қазақстан: Жасыл аймақ – таза өлке!
​Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде сағат 10:00-де Қамысты ауылының аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтеді.
​Осы айтулы күн биыл Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан біз тек тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, ауылымызды жасыл желекке бөлеуді мақсат тұтамыз.
​Іс-шара бағдарламасында:
​Көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды санитарлық тазарту;
​Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні аясында жас көшеттерді егу;
​Саябақтар мен скверлерді абаттандыру.
​Мақсатымыз: Туған өлкеміздің экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру және болашақ ұрпақ үшін жасыл желек қалдыру.
​Құрметті аудан тұрғындары, ұйым жетекшілері, еріктілер мен жастар!
Сіздерді осынау игі іске белсене қатысуға шақырамыз. Әрбір егілген ағаш пен тазаланған аула — біздің ортақ үйімізге қосқан үлкен үлесіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1208273?lang=kk