Бүгін Алматы онкологиялық орталығында өңеш обыры, сондай-ақ бас және мойын ісіктері туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған Ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында қала тұрғындары онколог дәрігерлердің тегін консультациясынан өтіп, көрсеткіштер бойынша қалқанша безінің УДЗ тексеруінен өту мүмкіндігіне ие болды.
Күн қорытындысы:
▪ Қабылданған пациенттер — 57
▪ Қатерлі ісік — 0
▪ Онкопатологияға күдік — 2
▪ Қалқанша безінің УДЗ — 37
▪ Басқа аурулар — 5
Сондай-ақ осы күні Алматы қаласының емханаларында 16 аудандық онколог қабылдау жүргізді.
Мұндай іс-шаралар диагностиканың қолжетімдігін арттыруға және ауруларды дер кезінде анықтауға бағытталған, бұл тиімді емнің негізгі факторы болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1208669?lang=kk

Жауап қалдыру