«Ыбырай Алтынсарин мұрасы – ұлт руханиятының шамшырағы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсарин мұрасы – ұлт руханиятының шамшырағы» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Іс-шара аясында ағартушының өмірі мен мұрасын танытатын «Ұлы даланың дара ұстазы» кітап көрмесіне шолу жасалып, ғалымдар мен зерттеушілердің баяндамалары тыңдалды. Онда Ыбырай еңбектерінің тарихи, әдеби және педагогикалық маңызы жан-жақты талқыланып, тың деректер мен тағылымды пікірлер ұсынылды. Сонымен қатар музей жәдігерлерінің құндылығы мен «Ыбырайтану» пәнінің маңызы сөз болды. Қатысушылар Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Конференция ұлы тұлға мұрасын дәріптеп, оның ағартушылық идеяларын насихаттауға бағытталған маңызды рухани-танымдық алаң болды.

 

#ҰлттықКітапКүні2026

#НациональныйДеньКниги2026

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1208491?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді