Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков жұмыс сапарымен өңірдегі бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық білім басқармасының басшысы Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков жұмыс сапарымен өңірдегі бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Алдымен К. Нұрбаев атындағы орта мектепке барып, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектеп ұжымымен бірге ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына қатысты. Бұл игі бастама қоршаған ортаны қорғау, аумақты көгалдандыру және жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Сапар барысында Қожагелді батыр атындағы орта мектепке арнайы ат басын бұрып, мұнда салынып жатқан заманауи спорт кешенінің құрылыс барысымен танысты. Аталған нысан Қожагелді батыр ұрпақтарының демеушілігімен жүзеге асырылуда. Басшы бұл бастаманың жас ұрпақтың денсаулығын нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталып, демеушілердің туған жерге деген жанашырлығын жоғары бағалады.

Сонымен қатар, аталған мектепте де «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ағаш отырғызу жұмыстары жалғасын тауып, мектеп ауласын көгалдандыруға үлес қосылды.

Аталған игі іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, жас ұрпаққа үлгі болатын маңызды қадамға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1209264?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді