Жамбыл облысы – қызғалдақтар отаны: халықаралық фестиваль жоғары деңгейде өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талас ауданының Есейхан ауылында өткен ауқымды іс-шараға 6 мыңға жуық адам жиналды. Қатысушылар қатарында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ шетелдік туристер, халықаралық сарапшылар, биологтар мен табиғат жанашырлары болды.
Фестиваль аясында Нидерландыдан арнайы келген қонақтар өңірге 40 000 дана қызғалдақ тұқымын сыйға тартып, табиғи мұраны сақтау мен дамытуға өз үлестерін қосты.
Іс-шара бағдарламасы мазмұнды әрі тартымды өтті:
– Қолөнершілер көрмесі
– Ұлттық ойындар
– Қымызмұрындық рәсімі
– Фудкорт аймағы
– Спорттық жарыстар мен бағалы жүлделер
Сонымен қатар фестиваль сахнасында еліміздің танымал өнер жұлдыздары – Серік Ибрагимов, Тоқтар Серіков және Бейбіт Сейдуалиева өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1209263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді